№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » «Манаптың бір өзі – бір театр»

«Манаптың бір өзі – бір театр»

Құлы болмай мансап пенен данқтың, 
Елге ерен еңбегімді таныттым.
Ел еркесі екеніме мақтанам,
Өз ақыны болғаныма халықтың.

Боларымды біле алмастан анық кім,
Ұзақ жолда шаршадым да шалықтым
Маңдай термен келеді екен бар бақыт,
Осыны мен өз басымнан дәл ұқтым.

МАНАП КӨКЕНОВ
Қазақстанның халық ақыны








Айдың шалқар көлдердің                

Аққуы болғым келеді.
Қызғалдақты белдердің
Бақ гүлі болғым келеді.

Көкорай шалғын жерлердің
Көгі болғым келеді.
Елін сүйген ерлердің
Туы болғым келеді.

Манап КӨКЕНОВ,
Қазақстанның Халық ақыны


Сахнаға шығардың жұртым бізді,
Орындап тілегіңді тұрмыз ізгі.
Әке, бала екеуі алдыңда отыр,
Қарсы алсаң ықыласпен жылы жүзді.

Өсіп тұр мәртебеміз болып биік,
Өсірсе әкеге бақ бала сүйіп.
Жолынды мұрат тұтса бір ғанибет,
Бетімен кетсе егер көзге күйік.

МАНАП ПЕН ОНЫҢ АҚЫН ҰЛЫ ӘБДІКӘРІМ
(Манап ақынның ең соңғы айтысы. 1987 жыл, Павлодар қаласы)


18 қыркүйек 2019 ж. 1 523 0