№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Гете - мұсылман болған ба?

Гете - мұсылман болған ба?


Әкесі бозбала Гетенің заңгер болуын қалаған екен. 16 жасында Леиппинг университетінің заң факультетіне түседі. Бірақ сырқаттанып, оқудан шығып қалады. Осы жылдар ішінде Шығысты зерттеуге аңсары ауды. Шығыстанушы ғалымдар еңбегі арқылы араб тілін меңгерді Ұлы ақын өмірінде ерен бетбұрыс орын алды. Адамзат осы әлемде Жаратушының құлы екенін адам тіршілігінен адамға мойынсынудан тапты. Ол Құранды зерттеуге арналған "Батыс-Шығыс диваны" еңбегінде "Жалғыз Аллаға деген сенім әрқашан рухты жоғары көтереді" дейді. Алланы мойындап, оған мойынсына отырып: "Міне, өзім мұсылмандықты танып, Алланың 99 есімін айтып, Алла атымен тәсбих тартамын, бұл-ұлық ғибадат" деп түйеді.
"Жаратылғандардың ұлығы - Мұхаммед (С.А.У) деп жазады. "Дивандағы" бір өлеңінде ақын христиандық түсінікке ашық қарсылық танытып Мұхаммедтің елшілігін оған қарсы дәлел етеді.
Ұлы ақын 70 жасқа толар жылы Пайғамбарымызға Құран түскен ғажайып түнді ерекше атап өтетіні туралы жазады. Құран туралы "Ешкім бұл ұлы кітаптың әсеріне күмәнданбайды. Ол адам қолымен жасалмаған дүние екенін білгендіктен, оны мойындайды. Бұл кітап мәңгілік күш пен қуаттың қайнар көзі" дейді.
Құран - ғасырдан пайда болды ма?
Ұға алар емеспін
Шынайы мұсылман ретінде
Құранды - кітаптардың кітабы санаймын, -дейді.
Ақын араб тілі оқулықтарын оқып, зерделеді. Руми, Жәми, Хафиз, Сағди, Аттар қолжазбаларымен танысты. Қаншама жүректің Құдайды тануға деген тілегін оятты. Мұхаммед (С.А.У) пайғамбардың миссиясын жан-жүрегімен түсініп, хал-қадірінше жалғай білді. Мұсылмандар арасында "Мұхаммед" Иоганн Гете болып танылды

Батырхан Сәрсенхан.
22 тамыз 2019 ж. 1 138 0