Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12 бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер айқындалған. ...
Қармақшы ауданында елді мекендерді газдандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді....
Бар ғұмырын ғылымға сарп еткен Әбжан Құрышжанов қарт Қаратаудың төрінде Шоңбұлақ аталатын үлкен бұлақтың басында дүниеге келген. Әбжан ағамыздың өмірге келген жылдары жаңа мен ескінің алмасып, жеке шаруашылықтарды ұжымдастырып колхоз құрылып жатқан кезең екен. 1945-жылы “Ынтымақ” жетіжылдық мектебін бітірген...
Табиғаттың тосын қатерінен, оның ішінде өрт пен судан және өзге де қауіптен келетін құбылыстарға дайын болу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Соңғы жылдары дала өртінен көп өңірлер зардап шекті. Сыр өңірінің ахуалы тұрақты болғанымен “апат айтып келмейтінін” ескеруіміз қажет. Мынандай аптап ыстықта өрт...
Тақыр жерді таспен әрлеп, табиғаттың нешеме туындысымен әсемдеп, ғасырларға қолтаңба қалдыратын мамандық иелері ол – құрылысшы. Еліміздегі құрылыс саласының дамуында мыңдаған еңбек адамының маңдай тері жатыр. Солардың бірі – бар саналы ғұмырын ел қызметіне арнаған арда азамат, тәжірибелі құрылысшы Қалдарбек...
Бабалардан жеткен «қызға қырық үйден тыйым» деген қағиданы қаперге алмаудың ақыры ата-анаға бармақ тістетері анық.Әлі кәмелеттік жасқа толмаған, оң жақта желкілдеп өсіп келе жатқан қыздар арасында он екіде бір гүлі ашылмай жатып аяғы ауыр жағдайға ұшыраған фактілер, шынында жаға ұстатарлық? Қоғамның өзекті...
Қытай мемлекетінің Цзинганчань қаласында U17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатыбасталды. Азия чемпионатына қатысып жатқан 8 команданың топтық кезеңінің бірінші ойынында Қазақстан құрамасы Тайпей құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп 31 - 24....
Қоғам тарапынан «Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?» деген сұрақ жиі қойылады. Бұл – маңызды сауал. Себебі мемлекеттен бөлінетін қаржының ашықтығы мен әділ бөлінуі – қоғам сенімінің басты тірегі....
Аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қызылорда облысының Жастар Одақтары» ҚБ үйлестіруімен 21 шілде күні Аққорған ауылдық клуб үйінде , Аққорған ауылдық клуб үйінің директоры Бакыткул Тасхожаева ұйымдастыруымен «Бесік жыры-ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы» атты әжелер...
«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу кезінде 2025 жылғы 24 шілдеде 10 сағат 00 минутта Қызылорда облысының аумағында «Баршаның назарына!» сигналы бойынша облыстық азаматтық қорғаныстың құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Оқу-жаттығу барысында сабыр сақтауларыңызды және үрейге бой...