Шіліңгір шілденің ыстық күні от қарып тұр. Ешкінің асығындай ғана шүйкедей кемпір, аяғына асығыс ілген кебісін тырп-тырп басып, ескі жұрттағы жаман тамына асығып келеді. Қуғын көрген кісідей дегбірі қалмай, артына жалтақтай береді. Мұның есіл-дерті ескі тамға ауып, көзді ала солай қарай тартып тұратын...