Қараман Көшербаев бақытын қарапайым еңбектен тапқан жан. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында мектеп оқушысы болып ержеткен Қарекеңді туған елінің еңбек майданы күтіп тұр еді....
Түркістан облысынан Жаңақорғанға Есенәлімұрат Ізтілеуов, Сыздықбек Тұраров, Мейрам Әлмаханов есімді азаматтар арнайы келді. Қонақтар С.Қожанов атындағы қайырымдылық қор президенті Мұқан Әбдіраманұлының аманатын арқалап келіпті....
Қазақта «Асылдың сынығы» деген әдемі тіркес бар. Өнер әркімге қона бермейтін бақ. Сондай бақтың біріне Сырым Манапты жатқызуға болады. Оның бір басына Жаратушы сан өнерді дарытыпты. Олай демей ше, ол төл аспаптан бөлек, гитара, фортапиано, домбыра примада, контрабаста еркін ойнайды. Талантты жастың талабы да...
Адам сөз өнерін екі түрлі жолмен игереді – біріншісі, текпен келсе, екіншісі, еңбекпен ұштайды. Кейіпкеріміз Айжарқын Найманбайға сөз өнері текпен келген. Мәдениет саласындағы жаңа жобаларды, идеяларды жүзеге асыруымен танылып келе жатқан жастың жазары көп....
Уақыт қашанда үстемдігімен, уыста тұрмас қым-қуыт қозғалысымен адамның дегеніне көне бермейді. Қазақта «Үркер үйіңнен көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар» деген ғой, қазір мезгілдің мамыражай кезеңі емес. Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки дейтіндей шақта тұрмыз. Бұл – сынақ, қыс та қыспақтайды,...
Жуырда аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссия отырысы өтті. Мақсаты - кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жүктілікті болдырмау және оның алдын алу шараларын талқылау, сараптап-саралау....
Елдегі карантин режиміне байланысты шектеу щаралары күшейтілуде. Кейбір өңірлер індеттің алдын алу мақсатында карантин жүйесін қатаң бақылауға алды. Сондықтан көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар тек онлайн түрде өткізілуде. Біздің ауданның өнер ұжымы да жоспарлы шараларын онлайн бағытта ұйымдастырып,...