» » » «Ұлттық ойын – халық мұрасы»

«Ұлттық ойын – халық мұрасы»


Наурыз – көктем мерекесі, жыл басы. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, тоң жібитін сәт. Сондықтан қазақ халқы бұл мейрамда "Қыз қуу", "Көкпар", "Жамбы ату","Аударыспақ", "Арқан тартыс", "Теңге ілу" сынды түрлі ойын ойнаған. Сонымен қатар айлы түнде "Ақ сүйек" ойналып, "Алтыбақан" тебілген.
Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Руханият орталығында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, теңге алу, арқан тартыс ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу. Шараға Асқан атындағы «Зерек» орта мектебінің 6 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
21 наурыз 2025 ж. 198 0