№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сыр елінің Мәдениет майталмандары марапат төрінде

Сыр елінің Мәдениет майталмандары марапат төрінде


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни, руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн», – деп, ұлт мәдениеті мен руханиятының ұлттығымыздың діңгегі екенін ерекше атап көрсеткен еді. Мәдениеттің мәртебесін көтеріп, өнерін құрметтеген ұлттың өресі биіктей бермек. Халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне ие болған «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты «Қызылорда облысының Өнері күндері» Алматы қаласында ерекше аталып өтті.


Өнер күндерінде Сыр өнерпаздары Алатаудың баурайында халық әндерінен шашу шашып, жыраулық өнер мұрасын, классика мен эстрада жанрындағы музыкалық сазын төгілдірді. Сондай-ақ өнер күндері аясында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ұсынылып, көрмеге археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, жаңғыртудан өткен «Шірік-Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы» мүсіндері сынды сирек кездесетін құнды жәдігерлер қойылды.
Айта кетейік, «Сұлу Сырдан – ару Алматыға» атты Республика сарайында өткен гала-концертке мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, Қазақстанның Еңбек Ерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, елімізге белгілі ақындар мен жазушылар, Алматы қаласы, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Айтулы іс-шара аясында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Сыр өңірінің тарихын баяндайтын археологиялық және этнографиялық экспонаттар – «Шірік-Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» реконструкциялары және Қорқыт ата, Марал ишан мұралары, зергерлік бұйымдар коллекциялары қойылды. С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындағы майлы бояумен салынған өлкенің табиғаты, тарихи және жаңадан бой көтерген ғимараттары бейнеленген картиналар келушілер назарына ұсынылды.

Алматылық көрермен Сыр өнерпаздарынан ыстық ықыласы мен қошеметін аямады.
Ару қала Алматыдағы өнер күндері Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Жыр – қазына, күй – күмбез» атты концертімен қорытындыланды.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өнер күндерінде жоғары кәсібилігімен биік баға алып оралған мәдениет майталмандарын Алғыс хатпен марапаттады.
– Халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне ие болған өнер күндерінде ән-жырдың туын желбіреткен сырбойылық өнер майталмандары таланты мен талғамын, кәсіби деңгейінің биіктігін, еліміздің басты сахналарының біріндегі концертке тыңғылықты дайындықпен барғанын дәлелдеді.
Мың жылдық тарихы бар, мың бояулы мәдени астанамыз Алматыдағы мерекені өткізуге атсалысқан барша ұйымдастырушыларға, өнерпаздарға, театр әртістеріне, мәдениет саласы қызметкерлеріне, мекеме басшыларына және қала, аудан әкімдіктеріне Сыр жұртшылығының және өз атымнан зор ризашылығымды білдіремін, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Марапаттау шарасынан соң облыс әкімі Сыр бойы мәдениет саласы саңлақтарымен кең отырып пікірлесіп, өтініш-тілектерін тыңдады. Сала қызметкерлеріне арнап 50 пәтер салу жөнінде тапсырмасы өнер иелері көңілін бір марқайтып тастады.

Жәмила ЕРМАХАН

28 қыркүйек 2024 ж. 885 0