Жаңақорғандағы қаламгерлерге арналған жоба жалғасын тапты
Kyzylorda-news.kz. Өткен жылдан бастап Жаңақорған ауданындағы жергілікті ақын жазушылардың туған жеріндегі оқырман кауыммен қауыштыру, олардың шығармашылығын насихаттау мақсатында, аймағымызда "Елге сәлем" жобасы жүзеге асып келеді.
Осы жоба аясында, А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханасының үйлестірумен жерлестерімізді Ф.Сахиев, Б.Үсейнова, Н.Жапеков, Е.Мұстафаев сынды танымал ақындардың қатысуымен "Қаламгер - руханият шырақшысы" тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Шараға облыстық кітапхананың кызметкерлері, ауданның ардагер ақсақалдары С.Ыдырысов, П.Айнақожаев және кітапхананың қызметкерлері мен колледж студенттері қатысты. Кешті ақын Ф.Сахиев ашып, ақындардың өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетілді. Колледж студенті Ф.Сахивтің "Менің Қазақстаным" атты өлеңін оқыды. Е.Мұстафаевтің сөзіне жазылған "Анаға сәлем " атты әнін мәдениет үйінің әншісі Қ.Әлиева орындады.Сондай-ақ Б.Үсейнованың "Асыл анам" монологын оқыса, ауданның жас ақындары А.Бидашов пен М.Әбибулаев суырып салма ақындық өнерлерін паш етіп кешті қызықтыра түсті. Жыр сүйер қауым ақындарымызға көкейіндегі сұрақтарды қойып, жауабын алды. Ақындар сиясы кетпеген бір-бір өлеңдерін оқып оқырмандарға тарту етті. Шара соңында А.Сопыбеков атындағы кітапхананың директоры А.Тилеубергеноваға және Қызылорда Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапхананың әдіскері Мадина апайға сөз берілді. Шараның негізгі әрі бірегей кейіпкерлерін әр бір тұлға - бір театр болатындай азамат пен азаматша екендігін айта кетті.
Жобаның мақсаты негізгі мақсаты осы Жаңақорған аудандық жергілікті жердегі ақын-жазушыларды, өлке тұлғаларын дәріптеу, насихаттау жастарға үлгі ету.