Жаңақорған -жалынды жастар мекені
Жаңақорған жастары қашан да ерекше белсенділікпен әр салада өзіндік орындарымен дараланып келеді. Осы орайда аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының қолдауымен қарт қаратау бөктерінде барлық кент, ауылдық округ жастарының басын қосқан аудан жастарының слеті өтті.
Слет аясында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, шаруамен айналысатын жастарымыз үшін ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен кәсіпкерлік қолдаулар жайында облыс орталығынан келген спикерлер мол мағлұмат беріп өтті.
Шара соңы аудан әкімінің жастармен алау басындағы бейресми кездесуімен жалғасты.
Алау басында жастар өздерінің ұсыныс-пікірлерін, көкейдегі сұрақтарын қойып, аудан басшысы тарапынан қолдау тапты. Мұрат Жолкелдіұлы сала басшыларына тапсырма беріп, тез арада орындалуын қадағалайтындығын жеткізді. Былтырғы жылы болған кездесуде де жастар тарапынан айтылған ұсыныстар қолдау тауып, ағымдағы жылы жастар игілігі үшін көп жұмыстар ұйымдастырылатын болады.