№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жас әртістер "АНА" спектаклін тұңғыш рет сахналады

Жас әртістер "АНА" спектаклін тұңғыш рет сахналады

25 желтоқсан күні Кейден ауылдық клубында Балмұхаммед Әбжаппаровтың I актлi «Ана» драмасының премьерасы өтті.
Жаңа қойылым көрермендердің патша көңіліне жаққаны сондай, спектакль тұсаукесері аншлагпен өттi.


 Алты қызы болғанына тәубе ететін ана, атұстар ұлды аңсайтын әке, шәрменде күйде қалған ағайынды алты қыз. Келген көрермендi соңына дейін ұстап отырған осы үш тағдыр. Әкесінің жүрек жарасын аршып өткен досы Шәйменнiң «Атұстар ұлың болмағаны қандай өкінішті» деген бір ауыз сөзі. Отбасының от басып, ойранын шығарғанда осы отты сөз еді. Iшiмдектен алшақ болған әкесі «алқаш» деген ауыр сөзді де қыздарынан естиді. Осылайша, алты қызына араша боламын деп анасы ауыр соққы алады. Салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмады.

Өкінішке толы болмыспен анасың қыздарына жазып кеткен хатын оқыған әкенiң өксіп жылағанына, көрермен көз жасын тоқтата алмады.
«Анасыз қалған алты қызым - бip ұлым». Жарының хатын оқыған әке шығармадағы ойды осылай түйіндеді.
Спектакль соңында көрермендер шығармашылық ұжымға ұзақ уақыт қол соғып, қошемет көрсетті.

Қысқасы, ауылдық клуб сахнасындағы қойылым өз көрерменін тапты. Өйткені онда өңкей жас актерлер өздерінің жастық жалынымен, сахнадағы көркем де қағілез қимыл-қозғалысымен, елдің есінде қалған жүрек қылын шертетін сөздерімен баурады.

Спектакль соңында сөз алған аудандық мәдениет үйінің қызметкері Талап Тотаев алдағы уақытта үлкен сахнаға шығуына қол ұшын созатынын жеткізді.

Айжарқын НАЙМАНБАЙ



28 желтоқсан 2022 ж. 282 0