» » » "Қазақтың қаһарман қызы" атты мерекелік концерт өтті

"Қазақтың қаһарман қызы" атты мерекелік концерт өтті






Көктемнің алғашқы күні Елордадан бастауалған Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойы бүгін Сыр өңірінде жалғасын тапты. Қызылорда қаласында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның Халы қәртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты мерекелік концерт өтті.
Бұл мерекелік концерт облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың концертті өкізуге келген еліміздің танымал өнер жұлдыздарымен кездесуімен басталды.
Аймақ басшысы Халық қаһарманы, қазақтың бұлбұлы атанған Роза Бағланованың ізін жалғап, әндерін насихаттау да өнериелерінің айрықша орны бар екенін жеткізіп, ілтипатын көрсетті.
«Айтулы концертке қазақтың ән өнерін асқақтатып, ұлтмәдениетін көтеруге еңбек сіңіріп жүрген Өздеріңіздің қатысып, өнер көрсетулеріңіз Сыр жұртшылығы үшін үлкен мақтаныш деп білемін.
Бүгін Сыр еліндеән мен өнер мерекесі ғана емес, ұлт руханиятының жаңғырған күнідесе болады. Өнер көшіндегі Сіздер тұрған да ән падишасы, қазақтың қаһарманқызы Роза Бағланованың есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіні сөзсіз» - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Концертте Қазақстанның халықәртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгуль Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Нұрлан Албан, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова сынды әртістер мен Құрманғазы атындағы Қазақұлттық оркестрі өнер көрсетті.
Өнер майталмандары Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев пен Сұлушаш Нұрмағанбетова Роза Бағланованың өнер әлеміндегі қолтаңбасын сөзетіп, Сыр жұртының өнериелеріне деген құрметі үшін алғысын жеткізді.
Мұнан соң, өңір басшысы ұлтөнерінің майталмандарына Сыр халқы атынансый-сияпат жасап, құрметін көрсетті.
Айта кетейік, қазақ өнерінің біртуар әншісіне арналған бұл керемет әнкеші Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруы мен өтті.
Сыр өңірі–халық деген әр талантынт төсбесіне көтере алатын, ұлтым деген ұл-қыздарын ұлықтайалатын өрісті өңір. Оған осы мерейтойда куә болдық. Сыр топырағынан түлеп ұшқан өнер иесі, ән падишасы Роза Тәжібайқызының әндерін сағынған көрермендер өнер жұлдыздары мен концертті ұйымдастырушыларға деген құрмет қошеметін аямады. Әнкеші өте жоғары деңгейде өтті.
24 сәуір 2022 ж. 461 0