№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Ер жігіттің бойында болуы керек 5 қасиет

Ер жігіттің бойында болуы керек 5 қасиет

Ер жігіттің бойында болуы керек 5 қасиет:

«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген, 
«Ақырет iстерiне (ишларына) инан!»- деген! 
«Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi, 
«Иман шартын бiлмесе, есен(ибан)»- деген.
«Екiншi керек нәрсе- ғақыл» –деген. 
«Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!»-деген. 
«Аз iске ашуланып , дiнiн бұзар, 
Иманын кәпiрлiкке сатар!-деген.
«Үшiншi қымбат нәрсе- сабыр!»-деген, 
«Сабырлысы Мұратын табар!»-деген. 
«Әр iсте сабырсыздың тәубе-зорлық,
Сабырсыздық басқа пәле салар!»-деген.
«Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр»-деген, 
«Нығыметке шүкiрсiздiк-күпiр!»-деген. 
Жатқан жерден: «Құдай кешiр!»- деген-қорлық, 
«Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!»-деген.
«Бесiншi, қымбат нәрсе-әдеп»- деген, 
Әдепсiзде иман тұру ғажап!»-деген. 
«Кәпiрлiк- әдептiде тұрмағандай, 
Әдеп деген Махаббатқа себеп!»-деген.
Мәшһүр ЖҮСІП
21 қазан 2019 ж. 2 241 0