Халықаралық журналистерге қарсы қылмыс үшін жазасыздықты тоқтату күнІ
Бұл күн Малидегі қарулы қақтығыс туралы хабар таратқан екі француз журналисі – Гислене Дюпоне мен Клоде Верлоненің құрметіне таңдалған. 2013 жылы 2 қарашада оларды содырлар ұрлап әкетіп, өлтірген болатын. Бұл қылмыс қоғамды дүр сілкіндіріп, БҰҰ баспасөз өкілдеріне зорлық-зомбылық жасау мен міндетін орындауға кедергі келтіруді айыптайтын құжат қабылдады. Өйткені халықаралық гуманитарлық құқық бойынша қарулы қақтығыс аумағында қызмет ететін БАҚ өкілдері қорғалуы тиіс әрі қақтығысушы тараптар оларды құрметтеуге міндетті.
1841 жылы қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим) дүниеге келді.
1947 жылы «Темиртауский рабочий» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым қазақ және орыс тілдерінде 1960 жылға дейін шығып тұрды.
1999 жылы Семей университетіне ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, университет ғимаратының алдына ескерткіші орнатылды.
2005 жылы Қырғызстанда Қазақстандық инвесторлар мен кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды.
Бұл Қауымдастық олардың заңды мүдделерін қорғап, Қырғызстандағы Қазақстан бизнесін ілгерілетуге үлес қосатын болады. Қырғызстан экономикасына кеңінен таныстырылған қазақстандық кәсіпкерлердің кездесуін Бішкектегі Қазақстан елшілігі ұйымдастырып отыр. Қазақстан елшілігінде өткен кездесуде Қауымдастықтың кеңесі сайланды.
2006 жылы Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесіне (ЭӘК) мүше болып сайланды.
54 мүше мемлекеттен тұратын ЭӘК БҰҰ-ның 14 мамандандырылған мекемесінің, 10 функционалдық және 5 өңірлік комиссиясының жұмысын үйлестіреді, БҰҰ жүйесінің ұйымдарына және мүше-мемлекеттерге ұсыныс береді.
2015 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесінің жалауы Астанаға жетті. Қазақстанға айтулы шараның символын Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесіндегі Қазақстан павильонының бас комиссары Әнуарбек Мусин әкелді.
2018 жылы Аралда 150 адамға арналған аудандық аурухана мен 300 орындық мектеп-лицейі ашылды.