Соңғы жаңалықтар

№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Мектеп бітіруші түлектер арасында стартап жобалар байқауы өтеді

Мектеп бітіруші түлектер арасында стартап жобалар байқауы өтеді


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мектеп бітіруші оқушылар арасында «Startup Talapker» атты стартап жобалар байқауын ұйымдастырмақ.

Байқау Қызылорда облысындағы мектеп түлектерін кәсіпкерлікке баулу, инновациялық стартап жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі.
Сайысқа өңірді дамытуға үлес қосатын, инновациялық әдістер мен технологиялар қолданылатын стартап жобалар қатыстырылады. Жобалардың шектелген бағыты жоқ. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалар байқауға қатыстырылмайды.
– «Startup Talapker» байқауы облыс бойынша алғаш рет ұйымдастырылуда. Байқауға облыстағы барлық аудан мен қала (Қызылорда, Байқоңыр) мектептерінің 11(12) – сынып оқушылары қатыса алады. Сайысқа қатысу үшін 11 (12) – сыныптың екі немесе үш оқушысы топқа бірігіп, тек бір жобаны ұсына алады. Бір мектептің атынан қатысатын топтардың саны шектеусіз, – деді университеттегі «Business Start» жастар кәсіпкерлігі орталығының басшысы Жанарыс Тубекбаев.
Байқау 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізіледі. Байқауға қатысушылар 15 сәуірге дейін https://www.startuptalap.kz/ сайтында тіркеліп, толық ақпаратпен таныса алады.
Айта кету керек, сайыс 3 кезеңнен тұрады. Онлайн форматты өтетін өтінім қабылдау кезеңінде қатысушылар сайт арқылы тіркеледі. Мұнан кейін онлайн форматта жартылай финалға қатысып, іріктеуден өткен жобалар ЗУМ-сессия арқылы қорғалады. Ал, үшінші кезеңде қатысушылар жобасын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында қорғайды.
Байқауда І орын иеленген топ мүшелеріне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алуға 100 пайыз жеңілдік беріледі. Ал, ІІ орын иеленген топ мүшелеріне осы университетте білім алуға 50 пайыз жеңілдік, ІІІ орын иеленген топ мүшелеріне осы университетте білім алуға 25 пайыз жеңілдік беріледі.
Байқаудың серіктестері – Қызылорда облысының білім басқармасы, «Syr Jastary» облыстық жастар орталығы, «Ybyrai» қоғамдық қоры және «Syr Umiti» қоғамдық қоры.
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
медиа орталығы
07 сәуір 2022 ж. 645 0