№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысының әкімі «Роскосмос» МК директорымен кездесті

Қызылорда облысының әкімі «Роскосмос» МК директорымен кездесті


Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Байқоңырда «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының Бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті.
Кездесу барысында Байқоңыр қаласының дамуына бағытталған әрі қарайғы ынтымақтастық және өзара келісім мәселелері талқыланды.
Тараптар шілденың соңында Мәскеуде өтетін «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның VI отырысына облыс әкімдігі ұсынған мәселелерді енгізу туралы айтты. Сонымен қатар, Байқоңырдың ұзақ мерзімді даму бағдарламасына қол қою, кешенде еркін экономикалық аймақ құру, қала тұрғындарының баспанасын жекешелендіру, қалаға кіру тәртібін жеңілдету, коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету, сондай-ақ білім беру стандарттарына қатысты мәселелер қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кешенді мәселелерді талқылау және шешу үшін алдағы уақытта да осындай іскерлік кездесулерді ұйымдастыруға келісті.
   Байқоңырға сапары барысында аймақ басшысы алдымен 1200 орындық №277 орта мектепте болды.Содан соң облыс әкімі 7 мөлтек ауданында салынып жатқан 5 тұрғын үйдің үйдің құрылыс барысымен танысты. Ол жауапты тұлғаларға абаттандыру, қаланы газдандыру, инженерлік желілерді қайта жаңғырту және тұрғын үйлердің құрылысын одан әрі жалғастыруды тапсырды.
«Тұрғын үйлердің ауласын абаттандырып, тиісті жұмыстарды тамыз айында аяқтау керек. Ең бастысы жұмыстар сапалы жүргізілсін», – деді Қуанышбек Ысқақов.
Келесі нысан - 120 орындық Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы. 2017 жылыпайдалануғаберілгенемдеумекемесініңғимаратындақабылдаубөлімі, жалпы терапия жәнеқалпынакелтірубөлімшесі, күндізгі стационар, амбулаториялықемханаорналасқан. Мұндатіркелгентұрғындардың: 26443 – ересектер, 14586 – балалар мен жасөспірімдер.Соныменқатар, облысәкімі «Нулевой квартал» қонақүйінежәнебұрынғыБайқоңырмедициналық техникум ғимаратынабарып, қазіргіжағдайыментанысты. Олардыжалданшығаружәнебасқарманыңтеңгеріміне беру мәселелеріталқыланды.
«Жалдан шығару мәселесі бойынша және бос тұрған ғимараттарды жөндеп, пайдалану үшін тиісті ұсыныстар берілсін. Мәселені қарап, шешім қабылдаймыз», –деп атап өтті облыс әкімі.


Ескендір Ертай

22 шілде 2019 ж. 747 0