Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 50

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Агроколледжден жүз елуге жуық жас маман қанат қақты

Агроколледжден жүз елуге жуық жас маман қанат қақты

Жаңақорғандағы аграрлық колледжін бітіруші 147 жас маманмен «Жолың болсын жас маман» атты салтанатты қоштасу рәсімі өткізілді.

  "Жолың болсын жас маман» мерекелік жиынына педагогтер мен түлектердің ата-аналары қатысты. Биылғы жылғы түлектер оқу қабырғасындағы үш жылда өңірдегі ауыл шаруашылығына қат мамандықтар: токарь, дәнекерлеуші, фермер, слесарь, автомеханик секілді қызмет көрсету саласының кәсібін меңгерді. Оның ішінде оқу тәрбие ісінде теориялық білімдерін заманауи дуальдық жүйе негізінде оқып, практикалық түрде танысты.
     –Сіздердің мектеп бітіруші құрдастарыңыздан айырмашылықтарыңыз әрі басымдықтарыңыз ауданымыздағы ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтарды меңгергендіктеріңіз. Оны тікелей өндірісте жүзеге асыру енді өз қолдарыңызда. Осы мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына барып, білімімді жетілдіремін десеңіздер де, онда жыл бойы әрі күні мектептердегідей өткізілген сабақтардан алған тәлім-тәрбиелеріңіз де пайдаға асып, лекцияларды жедел меңгере аласыздар. Ал, осы бойда биылғы «Жастар жылын» тиімді пайдаланып, өз кәсібімді ашамын десеңіздер де мемлекеттің жасап отырған қамқорлығы мол. Жолдарыңыз болсын!,-деп Агроколледж директоры Жомарт Шәуенов ұстаздар қауымы атынан ақ тілегін жеткізді.
Атап өтерлігі биылғы түлектердің арасында оқуымен үздік деп танылып, қоғамдық жұмыстарда алда көрініп, салауатты өмір салтын ұстанған түлектер жеткілікті. Олардың қатарында үш жыл бойына білім нәрімен сусындап, ұстаздарының ақылдарын қалт жібермей тыңдап, қатарының алды болып, «үздік студент» атанғандар: дәнекерлеуші –Самат Керімбек, автомеханиктер – Досан Ермахан, Әбес Рамазан, Жантөре Үкібай, Бекзат Өтеген, №93 топтағы автомеханиктерден Абылайхан Әбдіраман, Еркебұлан Төрехан,  Олжас Мұратхан, ветеринарлар –Азамат Сақынбекұлы, Сүндет Тілеубайұлы, Ақниет Төлеу, Ұлданай Өтегенге колледж директоры Жомарт Шауенов өз қолынан дипломдарын табыс етті.
«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан?»,– демекші биылғы түлектердің нарықтағы сұранысқа ие, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандық түрлерін таңдап қана қоймай, тамаша меңгергендігін мақтаныш еткен түлектердің ата-аналары мен сала үздіктері де  оқу ордасымен қоштасар сәттегі толғаныстарын жасырмады.
Бітірушілер білім нәрімен сусындатып қана қоймай, арнайы мамандықты меңгеруге ықпал еткен ұстаздар қауымына шынайы түлек ретіндегі алғыстарын жеткізді. Кеш соңы жергілікті әншілер мен агроколледж жастарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Иса Беркімбай
13 шілде 2019 ж. 578 0