Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » СІЗДЕН ӨТКЕН БАҚЫТТЫ, СІЗДЕН ӨТКЕН БАЙ АДАМ ЖОҚ, ЕГЕР...

СІЗДЕН ӨТКЕН БАҚЫТТЫ, СІЗДЕН ӨТКЕН БАЙ АДАМ ЖОҚ, ЕГЕР...



Егер сіз артыңыздан ауыз толтырып айта алатындай ізгі, саналы ұрпақ қалдыра алсаңыз, онда сізден артық бақытты, сізден асқан бай адам болмайды. Неге дейтін шығарсыз. Себебі, бала – ең қымбат инвестиция. Бала – түгесіліп бітпейтін қазына. Заман алмасады, ғасыр жылжиды, ұрпақ ауысады. Мәңгі жасайтын ешкім жоқ. Бір күні біз де дүниеден өтеміз. Бірақ артымыздан біз үшін дұға жасап, біз үшін кешірім сұрайтын ұрпақ қалса, біздің ең басты жеңісіміз сол болмақ. Ол, тіпті, сіз дүниеден өтіп, ұмытылып кетсеңіз де, сіздің атыңыздан садақа беріп, жақсылық жасап, ең болмағанда, «көргенді елдің баласы екен» «өстіп тәрбиелеп өсірген атасына рахмет!» деген сөзді айтқызып, елдің алғысына бөленуіңізге себепкер болады.
20 маусым 2019 ж. 826 0