№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » МЕДИАЦИЯМЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ

МЕДИАЦИЯМЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ

         Жаңақорған аудандық сотында Н есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2 бабының 1-бөлгімен әкімшілік іс қаралды.
         Құқық бұзушы Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Алтынсарин көшесінде орналасқан үйде өзінің дос қызын ұрып, тән ауруына ұшырататын, ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасаған.
         Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген түсінігімен, жәбірленушінің арызымен түсінігімен, полиция қызметкерінің мәлімдемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелденіп бекітілді.
         Соттың қаулысымен құқық бұзушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды, Қазақстан Республикасы ӘҚБтКнің 73-2 бабының 1-бөлігіме қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.

Э.Серікбаева,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
01 қазан 2018 ж. 1 005 0