Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қанатында жолаушы тасымалдайтын ұшақ пайдалануға берілмек

Қанатында жолаушы тасымалдайтын ұшақ пайдалануға берілмек

     Голландиялық KLM авиакомпаниясы болашақта авиация саласын толықтай өзгертуі мүмкін бастаманы қолға алды. V-тәрізді ұшақ 314 жолаушыға дейін тасымалдай алады, оған қоса бәсекелестеріне қарағанда 20% аз жанармай тұтынады.

     Жобаны Нидерландының Делфт технологиялық университетінің ұшақ құрастырушылары жасап шыққан. Flying-V әуе кемесі даңқты Кит Ричардс, Джими Хендрикс және Ленни Кравиц секілді музыканттар ойнаған Gibson электрогитарасының құрметіне аталған. Ұшақтың формасы аталмыш гитараны еске түсіреді.
     Әуе кемесінің ұзындығы 55 метрді құраса, ал ені – 65 метр. Бұл көрсеткішпен жаңа ұшақ Airbus A350 және Boeing 787 әуе кемелерімен ұқсас.
Бір қызығы ұшақтың қанатында да жолаушылар мен жүкті тасымалдауға арналған бөлік болады. Бұған қарамастан Flying-V өзге ұшақтарға қарғанда әлдеқайда жеңіл болуымен ерекшеленеді.
    — Flying-V ең энергиялық тиімді реактивті қозғалтқышпен ұшады. Ұшақтың қазіргі жобасында керосин қолданылады, дегенмен ұшаққа электр жетегі бар реактивті қозғалтқыштарды орнату оңай, – дейді KLM авиакомпаниясының ресми сайтының өкілдері.
09 маусым 2019 ж. 1 031 0