Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Облыстан олжалы оралды

Облыстан олжалы оралды

         
Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары мен педқызметкерлер арасында «Үздік мектеп мұражайы: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында обылстық мұражайлар байқауы орын алды. Байқау аудандық кезеңнен іріктеліп, жеңіп шыққан музейлердің қатысуымен жүзеге асты. Мектеп мұражайының кешегісі, бүгіні мен ертеңі таныстырылған сайыста  жаңа мүмкіндіктер арқылы мұражайды дамытудың тың идеялары насихатталды.
Шектеулі уақыт ішінде регламент сақтай отырып, өз мектебінің мұражайымен таныстырған педагогтар Қазылар алқасының шешімімен марапатталды. Нәтижесінде, І орынды №249 мектеп-лицейі жеңіп алса, ІІ орын  А.Романов атындағы №53 орта мектеп мұражай меңгерушісі Расул Әділбековтың ерекше жобасына тиесілі болды.  Ал, үшінші орын №8 орта мектебінің мұғалімі О.Тыманбаеваға тиесілі болды.
  • Мәдени шараның маңызы зор болды. Көне тарих көмбесі ақтарылып, музейлер тынысы тереңнен суреттелді. Жалпы, педагогтық біліктілігімді шыңдауға, өзара тәжірибе алысуға бұл байқаудың берген мүмкіндігі көп. Лайым, ел құндылығын насихаттайтын осындай сайыстар бола бергей, – дейді төменарықтық тарих пәнінің оқытушысы.
                                                                                                   Ханзада ТӨРЕХАНҚЫЗЫ.
20 мамыр 2019 ж. 1 015 0