» » ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды

ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды

  2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ÒР ÐÑезиденÑÑÑгÑне кандидаÑÑаÑÐ´Ñ Ò±ÑÑÐ½Ñ Ð¼ÐµÑзÑÐ¼Ñ Ð°ÑÒÑалдÑ
    «Үміткерлерді ұсыну кезеңінің қорытындысы бойынша, президенттік сайлауға қатысу үшін 9 республикалық қоғамдық бірлестіктің, оның ішінде 4 саяси партияның өкілдері ҚР Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттар өткізді. Олар - «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Сәді-Бек Түгел, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен - Қасым-Жомарт Тоқаев, «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен - Амангелді Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен - Дәния Еспаева, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінен - Төлеутай Рахымбеков, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» атынан Жамбыл Ахметбеков, «Ұлт тағдыры» біріккен ұлттық-патриоттық қоғадысы» бірлестігінен - Әміржан Қосанов, «Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінен - Талғат Ерғалиев және «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен - Жұматай Әлиев», - деп атап өтті ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ҚР ОСК отырысында.
ÒР ÐÑезиденÑÑÑгÑне кандидаÑÑаÑÐ´Ñ Ò±ÑÑÐ½Ñ Ð¼ÐµÑзÑÐ¼Ñ Ð°ÑÒÑалдÑ
  Орталық сайлау комиссиясы арқылы үміткерлікке сәйкестігі анықталған 4 үміткер қазіргі уақытта қол жинауға кірісіп кетті. Олар 12 облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан кемінде 118 140 қол жинауы қажет.

  Өзге кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады. ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу 2019 жылдың 11 мамырында сағат 18.00-де аяқталады.


28 сәуір 2019 ж. 857 0