Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

№86 (8999) 14

14 қараша 2026 ж.

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Белгілі промоутер Головкиннің Қазақстандағы ізбасарын атады

Белгілі промоутер Головкиннің Қазақстандағы ізбасарын атады

 Белгілі промоутер Головкиннің Қазақстандағы ізбасарын атады


 

     Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум өзінің клиенті - орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына өз бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісіне "Жаңақорған тынысы" сілтеме жасап
  "Әлімханұлы Геннадий Головкиннің ізбасары болады деп сенемін. Оның үстіне, екеуі де Қазақстаннан. Жәнібек - тамаша таланты бар боксшы. Оны жұмадағы кеште көресіздер", - деді Арум. 
    12 сәуірде Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Staples Center аренасында Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасады. Боксшылар бұл жекпе-жекте WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын сарапқа салады. 
      Кездесу елорда уақытымен 13 сәуірде 07:00-де басталады. Жекпе-жекті QazSport және Qazaqstan телеарналары көрсетпек. 

12 сәуір 2019 ж. 1 112 0