№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отандық фильм Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде бақ сынайды

Отандық фильм Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде бақ сынайды

Отандық фильм Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде бақ сынайды

Режиссер Фархат Шәріповтың «Тренинг личностного роста» («Тұлғалық өсу тренингі») фильмі сәуір айының18-і мен 25-і аралығында өтетін  41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінің байқауына қатысады.

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы қолдауымен ,Данияр Сүгіралиновтың «Кірпіштер 2.0» атты романының желісі бойынша түсірілген.  
    Әлеуметтік драма қырық жасқа келген, орта жас күйзелісін кешіп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу – көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады. Коуч-тренер жетістікке қалай жету керектігін және көшбасшы бола білудің әдістерін айтады. Көшбасшы болудың құпияларын бойына сіңіре келе, Қанат өзін және өмірге деген көзқарасын өзгертуге бекінеді.  Естеріңізге сала кетсек, «Тренинг личностного роста» фильмінің әлемдік тұсаукесері 23-ші Пусан Халықаралық кинофестивалінде өткен. 
   Айта кететіні, картинаның қоржынында екі бірдей жүлде бар –  14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінде Қазылар алқасының арнайы жүлдесі және Нетпак жүлдесі. 
   Халықаралық Мәскеу кинофестивалі - әлемдегі ең ескі фестивальдердің бірі. Оның негізі 1935 жылы қаланып, сол жылы Сергей Эйзенштейн қазылар алқасын басқарған.  Ресми түрде бұл фестиваль 1959 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Соңғы 20 жыл ішінде фестивальдің қазылар алқасын әлемнің ең белді киногерлері басқарды, олардың қатарында: Ричард Гир, Тео Ангелопулос, Алан Паркер, Глеб Панфилов, Жан-Жак Анно, Люк Бессон, Мохсен Махмальбаф бар. МХКФ бағдарлама директоры мәдениеттанушы Кирилл Разлогов, іріктеу комиссиясын ресейлік киносыншы Андрей Плахов басқарады. МХКФ президенті ресейлік режиссер, актер, Ресей Федерациясының Халық артисі Никита Михалков.  
     Биыл фестивальдің қазылар алқасына танымал оңтүстік Корея режиссері Ким Ки Дук төрағалық етеді.  

   
Фархат Шәріпов – кинорежиссер, сценарист. «Кино режиссурасы» мамандығы бойынша Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тәмамдаған. New York Film Academy түлегі. «Қызғылт қоянның басынан кешкендері»(2010), «Инопланетяне ни при чем»(2013), «4+1»(2016) фильмдерінің авторы.

04 сәуір 2019 ж. 972 0