№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ана қадірі – тірлік қадірі

Ана қадірі – тірлік қадірі

  Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Байкенже ауылдық клубында «Ана – әлем бақыты» атты мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламаны аудан әкімінің отбасы және гендерлік саясаты жөніндегі кеңесшісі Азия Қыстаубаева мен қоғам белсендісі Жақсыгүл Бегманова және ауыл әкімі Нұрғали Оспанов ашып, алтын және күміс алқа иегерлерін, Батыр аналарды құттықтап, белсенді әйелдерді марапат биігіне шығарды.
   Одан кейін кеш аналар сайысына ұласты. Сайыста өз өнерлерін көрсеткен «Қазына», «Бегім ана», «Бәйшешек», «Хабиба» тобының арасында үздігі анықталды. Оларға Азия Қыстаубаева, Жақсыгүл Бегманова, «Байкен - U» ЖШС-нің Бас директорының кеңесшісі Ғайнулла Жарқынбаев және «Қызылқұм» ЖШС-нің кеніш директорының орынбасары Асхат Нетбаев төрелік етті. Жарыс «таныстыру», «кім епті?», «кім тапқыр?», «кім жылдам?» деген сияқты бөлімнен тұрды. Нәтижесінде «Қазына » тобының өнері көпшіліктің көңілінен шығып, биіктен көрінді. Екінші, үшінші орынды «Хабиба», «Бегім ана» тобы өзара бөлісіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жақында ғана ауыл әйелдері қауымдастығының төрайымы болып сайланған Нұржамал апайдың бастамасымен іске асқан аналар сайысы жоғары деңгейде өтіп, байкенжеліктердің көңілін сергітті.
Кеш барысында «Байкен - U» ЖШС бас директорының кеңесшісі Ғайнулла Зейнуллаұлы және «Қызылқұм» ЖШС-нің кеніш директорының орынбасары Асхат Болатұлы ауылдың 57 алтын құрсақты аналарды ардақтап,арнайы сыйлықтарын табыстады.
Айта кететіні, ауылдық округ әкімі мен өндіріс орындарының басшылары «Батыр Ана» Ақжібек Әбенқызы және тыл ардагері Ардақ Смайылқызының шаңырағына арнайы барып хал-жағдайын біліп, мерекелік сый-сыяпаттарын тапсырды.

Лаура АЙДАРХАН.

13 наурыз 2019 ж. 1 166 0