№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жүрегі нұрлы – баршаға үлгі

Жүрегі нұрлы – баршаға үлгі

   7-наурыз күні аудан әкімі Ғалым Әміреев ауданымыздағы алдыңғы қатарда жүрген бойларындағы ерек қабілет, қажырлы еңбектерімен отбасындағы орындары өз алдына, қоғамның алға жылжуына қолдау жасап, өз деңгейлерінде қатарластарына үлгі-өнеге болып жүрген нәзік жандылардың бір тобын арнайы қабылдап, 8-наурыз –
Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.


   – Елде болып жатқан жақсы істер мен жаңалықтар, алға қадам басуымыздың қандай да бір тетіктері өздеріңіздің ерлермен теңдей жүріп төккен тер, адал еңбектеріңіздің арқасында екенін біз жақсы сезінеміз. Сіздер әрдайым әрбір босағаның аяулы егесі, атқа мініп жүрген азаматтардың адал серігі, сенімді тірегі ретінде жанымыздан табылып, бүкіл жақсылықтың ұйытқысы болып жүрсіздер. Сіздердің араларыңызда отырған ел анасы деңгейіне жеткен тұлғалар, болашақты тәрбиелеген ұстаздар, спорт саңлақтары, кәсіптің көзін тапқан іскер азаматтар, бір сөзбен айтқанда бүкіл мақсатын, күш-жігерін көптің мүддесіне, қоғамның гүлденуіне арнап келе жатқан асыл жанды азаматтардың мерейі – елдің де мерейі.
    Көктемнің алғашқы арайлы күндерімен бірге елдің әлеуметтік өміріне еніп жатқан айшықты жаңалықтардың дені аналарға бағытталған. Ана мен бала жағдайын көтеру келешек келісті ұрпақ, кемел жанұяның келбетін қалыптастырады. Бұл тұрғыда жасалып жатқан қадамдар әрбір отбасының қуанышын еселері рас. Ал өздеріңізге келсек, жарқын көңіл-күй, жарасымды болмыстарыңызбен баршаға үлгі осы қалыптарыңызда тек қана жетістіктерге жете беріңіздер, – деген ізгі тілегін жеткізді. Аудан әкімі атынан құттықтау хат, гүл шоқтарымен көмкерілген сый-сияпатын тарту етті.
    Мерекелік қабылдауда сөз алған ел анасы, Жайылма ауылының тұрғыны Әміркүл Жүсіпова апа әйел-аналар атынан өздеріне көрсетіліп жатқан құрметке зор алғысын білдірді.
   “Іскер әйелдер қауымдастығының” Жаңақорған өкілдігінің төрайымы Баян Божбанбаева сөз алып, іс бастаймын, кәсібімді өркендетемін деген ынталы азаматтарға мемлекет тарапынан қамқорлықтың кең қанат жайып келе жатқаны, өзі жаңа басшылық етуге кіріскен қауымдастықтың алдында да тың, баянды мақсаттар күтіп тұрғанын, оны белсенділікпен іске асыруда бар білім-білігін арнайтынын айтып өтсе, кент тұрғыны Айгүл Әзімқызы денсаулық кінаратын қажырлы еңбек ету арқылы жеңіп, кәсіпке белді бекем буып, болашақ жоспарларына айқын бағыт алғаны жөнінде әңгімеледі. Ал Белбеу күресінен Әлем чемпионы, Халықаралық спорт шебері Әбубәкір Меруерт қызымыз жеңіс жолындағы өзінің бүкіл қажырын, қайратын туған жер алдындағы перзенттік борышым деп түсінетінін айтты.
Орталықтағы №163 мектептен келген Бибайым Қаунаеваның лебізі тіптен ерекше. Бүгінде қазақ халқымен құдандалы-жекжат боп туысқан шешен халқының өкілі өзіне деген ұжымның құрметіне зор сүйіспеншілігін тебірене жеткізді.
Ия, аналар – өмірдің гүлі ғана емес, жарастықтың туы, тіршіліктің нұры. Сондықтанда ізгілікті қоғамда әйел-аналарға құрмет ешқашан төмендемек емес.

Баян ҮСЕЙІНОВА.

12 наурыз 2019 ж. 1 021 0