№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гитарамен ән айтып, жұлдызға айналған тракторшы

Гитарамен ән айтып, жұлдызға айналған тракторшы

37 жастағы Асылжан Омаров гитарамен ән айтқан видеосы арқылы желі жұлдызына айналған. Қарапайым ғана ауылдың тракторшысы болған азамат күндердің күнінде танымал болып кетемін деп ойламаған. Өзі бірнеше аспапта ойнайды. Алайда оларды қалай үйренгенін білмейді.
Бұл туралы КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды, деп жазады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Кішкентай кезімнен тартқанмын-ау шамасы”, – дейді Асылжан ағынан жарылып.
Омаровты танытқан видеода ол отырыстардың бірінде “Музарт” тобының әнін шырқайды. Бұл ретте кейіпкер өзіне танымалдылық алып келген видеоның тарихын айтып берді.
“2015 жылы ауылға Мейірбек Сұлтанхан деген Шиелінің жас ақыны бар. Сол ауылға келді. Мен ол кезде трактор айдаймын. Арасында қонақ келсе ағайындар шақырады. Құдалықтарда ән айтып жүргем. Мейірбек видеоға түсіруге рұқсат сұрады. Қазір біреулер тығылып түсіріп ала береді ғой. Түсіре бер дедім”, – дейді Асылжан Омаров.
Сол видеодан кейін нағыз желі жұлдызына айналған Асылжан ақырында астындағы тракторын сатып жіберген. Ал “танымалдылық өміріңізді өзгертті ме?” деген сауалға ол:
“Өзгертті. Баяғыда Асылжан едік, қазір Асеке болдық. Баяғыда трактор айдап жүр едім, қазір костюм-шалбар киіп жүрмін. Ал тракторды түбегейлі сатып жібердім. Ауру қалса да әдет қалмайды деп отырып қоя бердім. Біржола құртайыншы деп сатып жібердім. Енді қазір гитара асырап жатыр”, – дейді кейіпкер.
Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған Асылжан “бір ғана әйелім бар” деп қалжыңдады.
Бір қызығы, Асылжан жиын-тойларда өнер көрсетіп жүргенімен, өзіне нақты гонорар қоймаған.
“Соны сұрай алмайды екенмін. Тойларда өнер көрсетемін. Қайтар кезде “ал аға кеттім” деймін. Бала-шағаң бар ғой деп ақша беріп жатады, бергенді кім жек көрсін?! Аламын. Бермесе, сол бойынша кете беремін”, – дейді бұрынғы тракторшы.
Ал белгілі вайнер Дана Есеева Асылжанның продюсері болған жағдайда, оның жарты сағаттық өнеріне бастапқы кезде 100 мың теңге сұрайтынын атап өтті.
Ал Асылжан Омаров болса тойға барса жарты сағатпен шектеліп қалмайтынын, халықтың сұранысына сай шамасы келгенше өнер көрсетеді екен. Бір қызығы, Асылжан осы уақытқа дейін тойдағы өнері үшін 30-40 мың теңге көлемінде алып келген. – Бір рет қана Қызылордада 280 мың теңге таптым. Ән айтып тұрған кезде құлағыма, қалтама қыстырып кеткен ақшаларды қосқанда сол болды, – дейді ол ағынан жарылып.
07 ақпан 2019 ж. 854 0