Кәсіпкердің өміріне 4 рет шабуыл жасаған қылмыскерлер оның үйіне жарылғыш зат орнатқан
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылының кәсіпкері Нұрлан Ахметовтың үйінде жарылыс болды, деп жазады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті Stan.kzақпараттық агенттігімен Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.
Жарылғыш құрылғы таңғысын атылған. Бұл уақытта үйде 4 бала мен 2 ересек адамдар болған. Үйдің иесі болса іссапармен кеткен, әйелі жұмыста болған.
«Маған қызым қоңырау шалып, қатты қорқып қалғанын айтып, үйге келуімді сұрады. Жарылыс болды деп айтты. Менің айтарға сөзім жоқ, бұл нағыз бассыздық. Менің күйеуіме, отбасыма қарсы бірінші қылмыс емес», – дейді кәсіпкердің әйелі Сұлухан Жасыбаева.
Әйел қылмыскерлерді білмейді, бірақ олар бұл жағдай қайта қайталанады ма деп қорқады.
«Менің отбасымды қашан жайына қалдыратындарын білмеймін. Полиция жауап бермейді, ал біз өзімізді қылмысткерлердің бассыздықтарынан қорғаусыз сезінеміз. Бізді өлтіріп кетсе кім жауап береді. Өмір сүру қиын. Біз күнде қыл үстінде отырғандаймыз», – дейді әйелі.
Пікір 2