№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Елбасы «Astana Hub» IT стартаптар технопаркін ашты

Елбасы «Astana Hub» IT стартаптар технопаркін ашты

Елбасы «Astana Hub» IT стартаптар технопаркін ашты.
   Астана xаб ресми түрде өз жұмысын бастады. Халықаралық теxнопарк Елбасының пәрменімен іске қосылды. Президент төртінші өнеркәсіптік революцияны іске асыру кезінде мұндай теxнопарктің құрылуы еліміз үшін маңызды шара екенін атап өтті. Сондай-ақ цифрландыру шараларының алғашқы нәтижесін де тілге тиек етті. Бүгінде тұрғындардың 75 пайызы электронды денсаулық паспортымен қамтылған. Кедендік рәсімдер толығымен электронды жүйеде рәсімделеді. Осылайша Қазақстан ТМД-да алғаш болып мемлекеттік қызметтерді цифрландыру ісін бастады. Бұл шаралар заман көшінен қалмас үшін қолға алынды. Осы ретте президент астана xабта стартап жобаларды іске асыруға қажетті мүмкіндік барын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта ай-ти мамандарды дайындайтын университет ашылатынын жетізді.

07 қараша 2018 ж. 1 090 0