№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан Президенті: Астана стартап жобалардың отанына айналуы керек

Қазақстан Президенті: Астана стартап жобалардың отанына айналуы керек

 Астана тек халықаралық қаржы хабы болып қана қоймай, стартап жобалардың да отанына айналуы керек, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

  Бүгін елордада ашылған халықаралық технопаркке осындай үлкен міндет артылып отыр. Ресми салтанатқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ондағы ІТ һәм инновациялық жобалармен жеке танысты. Өнертапқыштар енді өз жобасын қолданысқа енгізу үшін ары-бері сандалмайды. Бар болғаны Astana Hub-тың ресми сайтында өтініш білдіріп, өнертабысын таныстырса болғаны. Егер сіз жасаған дүние шын мәнінде инновациялық туынды болса, онда технопарктің есігі айқара ашық.
   Ешқандай салық төлемейсіз. Кеңсе де сізге тегін беріледі. Қажет болса сарапшылардан кеңес алып, жобаңыздың жетіспей тұрған тұстарын дамытасыз. Иә, естіген жұртқа сенгісіз мұндай теңдессіз мүмкіндік Astana Hub технопаркінің қатысушыларына жасалған. Мұнда әзірге 146 жоба қойылған. Соның 80 пайызы – отандық ІТ мамандарының төл туындысы. Оның біразын Елбасы аралап көрді. Бұл өнертабыстарға қызығушылық білдірген қалталылар аз емес. Қазірдің өзінде технопарк тың жобаларды қолданысқа енгізу үшін  инвесторлардан 28 млн теңге қаражат тартқан. Яғни технопарк зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, инновациялық жобаларды қолданысқа енгізуге көмектеседі.

07 қараша 2018 ж. 621 0