» » FACEBOOK-ТЫ 1 САҒАТҚА ӨШІРІП ТАСТАСА НЕ БОЛАДЫ?

FACEBOOK-ТЫ 1 САҒАТҚА ӨШІРІП ТАСТАСА НЕ БОЛАДЫ?


Өркениеттілік өлшемі – электр қуатында. Оны сөндіріп тастаса тас ғасырына қайта барғандай күй кешеміз. Ал, Facebook-ды өшіріп тастаса не болады?

Мұндай эксперимент 2018 жылдың 3 тамызында орын алды. Нақтысын айтқанда, техникалық себептерге байланысты Facebook 45 минутқа ажыратылды. Бұл – ірілі-ұсақты ақпараттық порталдар мен сайттарға мекеремен бірдей болды.
Неге десеңіз, біріншіден, бүкіл әлемдік трафик 2,3 пайызға өсті. Екіншіден, ақпараттық ресурсқа тікелей кірушілер 11 пайызға артты. Осы 45 минут ішінде түрлі қосымшаларды пайдалану 22 пайызға, іздеу қозғалысы 8 пайызға өсті.
Осыдан-ақ, Facebook-тің ғаламдық деңгейде тұтыну нарығын анықтап, оның ақпарат таратудағы рөлін бағамдауға болатындай. Бұл дегеніміз, егер интернет менюден Facebook жоғалып кетсе, онда басқа әлеуметтік желіні іздестіруге тура келеді деген сөз.
Жалпы, Facebook қалай пайда болды? 2004жылыМарк Цукерберг өзінің серіктестері Эдуардо Саверин,Дастин МосковицжәнеКрис Хьюзбенбіріге Facebook-тың негізін қалаған.
Сайттың алғашқы аты "TheFacebook" деп аталды. Ол тек Гарвард университетiнiң студенттерiне ғана қол жетімді болды. КейінірекБостонның басқа жоғары мектептерінің студенттеріне де жол ашылды. Содан соң"edu" доменіндегі электрондық мекенжайы барАҚШ-тың кез келген оқу орнындағы студенттер де тіркеле алатын болды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларына қол жетімді болды.
Бүгінде Facebook қолданушылар саны 1,55 миллиардқа жетті. Дерек көздеріне қарағанда, бір уақытта 500 миллион қолданушы әлеуметтік желіде отырғаны туралы мәлімет бар. Сол кезде Facebook-тің платформасында жүктелген видеолардың көрілімі 8 миллиардқа жетіпті.
Міне, Facebook-тің қуатты ақпарат платформасы саналатыны осыннан. Бүгінде ақпараттық агенттіктер медиа нарықта өнімін өткізу үшін Facebook-қа жүгінеді...
Нұр-КЕНЖЕ.
04 қараша 2018 ж. 1 366 2

Гость Jeahulalf от 14 ақпан 2019 09:45
Le Viagra Generique Existe T Il Canadiana Pharmcy In Sarasato Priligy Medicamento cialis without prescription Viagra Kleine Menge Acheter Cialis Ligne France Kamagra Duracion

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 21:36
Viagra Malaga Viagra Purchase Without Perscription Buy 125 Mcg Synthroid viagra Cialis Preisvergleich Generika Best Levitra Online Order Tadalis Sx Soft