№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ИРАННЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТІ МАЛ БАҒЫП ЖҮР

ИРАННЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТІ МАЛ БАҒЫП ЖҮР


Иранның осының алдындағы президенті Махмұд Ахмадинежад
ел басшылығы қызметінен кеткеннен кейін қарапайым тіршілікке кірісіп кеткені жөнінде талай рет оқыдық. Сондықтан, оның қарапайым болмысы мен кішілігі жайлы жазуды жөн көрдік.
 
Президент болмай тұрып, жұмысқа автобуспен қатынаса, әйелі медреседе тазалықшы болып жұмыс істепті.
Президент болған тұсында:
Ол “таңертең тұрып айнаға қараған кезімде, мен өз-өзіме сен қарапайым адамнан артық емессің деп айтамын"дейді. Алғаш рет президент кабинетіне кірген кезде ол төселген қымбат кілемдерді көріп, оны арзан кілемдермен ауыстырып қояды. Ал қымбат бұйымдарды мешіттерге таратып берген.
Президент болған кезінде декларацияға сәйкес меншігінде Пежо 504 автокөлігі, кішкентай ескі үйі ғана болған.
Ол күн сайын бір портфельді ұстап жұмысқа келетін болған. Таңқалдыратыны сол сөмкесінің ішінде президенттің әйелі дайындап берген таңғы асы – бірнеше бутерброд, нан, сыр болған.
Ол өзі тұратын аудандағы жұмысшылардың аула тазалауына жиі көмектесіп тұрған.
Ол қонақүйге тоқтаған кезде үлкен кереуеті бар бөлме бермеуін сұрайтын. Оған ыңғайлысы – алаша төсеп жіберіп, еденге ұйықтау.
Ол министрлерді қызметке тағайындаған кезде, оның байлығын қатаң тексерістен өткізетін болған.
Ол тіпті президентке тиесілі жалақыны да алмаған. Оның айтуынша аталмыш қаражат ұлтқа тиесілі екен.
Дайындаған Айсұлу Алданазар.
30 қыркүйек 2018 ж. 860 0