ЗАҢ МЕН ТӘРТІП


Заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіп – кез келген өркениетті мемлекеттің тұрақты дамуының, азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының басты кепілі. Қоғамда заң талаптарының мүлтіксіз орындалуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, сондай-ақ әрбір адамның өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі алғышарттары болып табылады.
«Заң мен тәртіп» қағидатының басты мақсаты – қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, әділдік пен жауапкершілікті нығайту.

Заң мен тәртіп ұғымы тек құқық қорғау органдарының қызметімен ғана шектелмейді, ол мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және әрбір азаматтың күнделікті іс-әрекетімен тікелей байланысты, себебі заңды құрметтеу – тек құқықтық міндет қана емес, жоғары азаматтық мәдениет пен қоғамдық жауапкершіліктің көрінісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі айқын көрсетілген. Осы конституциялық құндылықтарды қорғау, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.
Осы тұрғыдан алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында заңдылық пен тәртіпті сақтау ерекше маңызға ие, өйткені халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету – азаматтардың денсаулығын қорғауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтынқалыптастыруға бағытталған маңызды міндет.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық негіздері белгіленген. Аталған заңнамалық талаптардың сақталуы тұрғындардың денсаулығын қорғауға, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ықтимал эпидемиологиялық қауіп-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Санитариялық талаптарды орындау – тек кәсіпкерлік субъектілерінің немесе белгілі бір мекемелердің ғана міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік, атап айтқанда, білім беру ұйымдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, сауда нысандарында, медициналық мекемелерде және халыққа қызмет көрсететін басқа да объектілерде санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы азаматтардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Санитариялық қағидаларды елемеу, белгіленген талаптарды орындамау немесе өз міндеттеріне немқұрайлы қарау денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін, бұл ретте Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметі де халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына, санитариялық заңнаманың талаптарын түсіндіруге, олардың сақталуына ықпал ету және құқық бұзушылықтардың алдын алуға және санитариялық мәдениетті арттыруға бағытталған.
Заң мен тәртіпті нығайтуда құқықтық сауаттылықтың да орны ерекше. Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, қолданыстағы заңнама талаптарын түсінуі және оларды күнделікті өмірде басшылыққа алуы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Сондықтан халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, санитариялық талаптарды сақтау мәдениетін насихаттау және жауапкершілік қағидатын қалыптастыру әрдайым өзекті болып қала береді.
Әсіресе жас ұрпақты заңға құрметпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, тазалық пен жеке бас гигиенасына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу – болашақта құқықтық мәдениеті жоғары, дені сау әрі саналы қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.
Қоғамдық тәртіп пен санитариялық қауіпсіздік өзара тығыз байланысты. Тазалықты сақтау, қоршаған ортаны ластамау, қоғамдық орындарда белгіленген талаптарды орындау, тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне мән беру және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын ұстану – әрбір азаматтың қоғамдық жауапкершілігін көрсететін нақты әрекеттер.
«Заң мен тәртіп» қағидаты әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби ұстанымына, әрбір азаматтың өмірлік қағидасына айналуы қажет.
Қорытындылай келе, заңға құрмет – тәртіптің негізі, тәртіп – тұрақтылықтың тірегі, ал тұрақтылық – ел дамуының басты кепілі.
Заң мен тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет, ал оны күнделікті өмірде жүзеге асыру – әрбір саналы азаматтың борышы.
04 қараша 2026 ж. 68 0