ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС – ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ!

Жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру, іскерлік бастамаларын қолдау және бизнестің қоғам дамуындағы маңызын кеңінен насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығында ӘДІЛЕТ партиясы Жаңақоран аудандық филиалына қарасты «Жалынды жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Бизнеске арналған қарқынды оқыту іс-шарасы жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, бизнеске деген қызығушылықты арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында «Шағын және орта бизнес – экономиканың қозғаушы күші» тақырыбында өтті.
«Жалынды жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әуезхан Нұрмұқасан ашып жүргізді.
Іс-шара барысында шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы маңызы, кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары, бизнес-жобаларды іске асыру жолдары және өз ісін бастаудың мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тың идеяларымен бөлісті. Бизнес-интенсив жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға, жаңа бастамаларға ынталандыруға және болашақта өз кәсібін ашуға деген қызығушылығын нығайтуға бағытталды.
Шағын және орта бизнесті дамыту – жаңа жұмыс орындарын ашудың, экономикалық өсуді қамтамасыз етудің және қоғамның әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. Осы орайда жастардың кәсіпкерлікке белсенді араласуы ел болашағы үшін ерекше маңызға ие.
Кәсіпкерлікке бастар жол – тың идея мен нақты қадамнан басталады! Ал бүгінгі жастар үшін кәсіп бастау – өз әлеуетін танытып, тың идеяларын жүзеге асыруға және қоғам игілігіне үлес қосуға берілген мүмкіндік.
Кездесу барысында шағын және орта бизнестің экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы рөлі, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту және жастардың іскерлік белсенділігін арттырудың маңызы сөз болды. Жастарға ой салып, жаңа мақсаттарға жігер беретін мұндай басқосулардың мәні зор.
Өйткені елдің ертеңі – ізденімпаз жастардың қолында, ал экономиканың өркендеуі – батыл бастама мен нақты әрекеттен басталады!




