Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жобасы аясында кездесу өтті

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жобасы аясында кездесу өтті



Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.

Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдер қылмысының себептері мен салдары, буллинг пен кибербуллингтің қаупі, есірткі қылмыстарының зияны мен құқықтық жауапкершілік, топтық төбелеске қатысудың салдары, сталкинг деректері бойынша заң талаптары нақты түсіндірілді.

Қатысушыларға әрбір құқық бұзушылықтың жауапкершілікке әкелетіні, оның болашақ өмірге кері әсері болатыны жеткізілді. Сондай-ақ, заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – табысты және қауіпсіз өмірдің негізі екені ерекше айтылды. Күмәнді жағдайларда дереу ата-аналарға немесе полиция қызметкерлеріне хабарлау қажеттігі де ескертілді.
26 ақпан 2026 ж. 1 114 0