» » ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНА – 35 ЖЫЛ

ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНА – 35 ЖЫЛ


Аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің қатысуымен Руханият орталығында Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында жергілікті әскери басқару органдарының ел қорғанысын нығайтудағы, азаматтарды әскери қызметке даярлау мен әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстарға белсенді үлес қосқан әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер ауданның жоғары марапаттарының бірі - Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, әскери қызметтің абыройы мен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін өнер туындылары ұсынылды.
35 жыл – ел қорғаны жолындағы табанды еңбектің, жауапкершілік пен кәсібиліктің айқын көрсеткіші.
15 қыркүйек 2026 ж. 423 0