«ҚАРУ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарудың заңсыз айналымының алдын алу және қаруды сақтау мен пайдалану талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Жаңақорған станциясындағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тіркелмеген және заңсыз сақталған қару-жарақтарды анықтау, қарудың заңсыз айналымына жол бермеу, сондай-ақ азаматтық қару иелерінің қаруды сақтау, алып жүру және тіркеу талаптарын сақтауын тексеру.
Полиция қызметкерлері қару иелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды қатаң сақтау қажеттігін түсіндіруде. Қаруды сақтау, тіркеу және пайдалану қағидаларын бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Қарудың заңсыз айналымы қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан азаматтарды заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе басқа да қауіпті заттар туралы ақпарат болған жағдайда полиция органдарына хабарлауға шақырамыз.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Заң талаптарын сақтау арқылы ғана қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз.
Ахан Макұлбеков,
Жаңақорған станциясындағы көліктегі полиция бөлiмшесiнiң бастығы, полиция капитаны




