САЯСИ НАУҚАНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Құрылтай сайлауы – еліміздегі саяси - құқықтық реформалармен сабақтасқан маңызды тарихи кезең. Сайлау науқаны барысында Сыр өңірі, оның ішінде Жаңақорған ауданының тұрғындары да қоғамдық белсенділік пен ұйымшылдықтың жоғары үлгісін көрсетті.
Саяси науқанның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қоғам белсенділері, түрлі сала өкілдері мен еріктілер елеулі үлес қосты.
Осыған орай аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан сайлау науқанына белсенді қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан бірқатар азаматтарды қабылдап, марапаттады.
– "Сіздердің белсенді қолдауларыңыз бен ұйымдастырушылық еңбектеріңіз елдік маңызы бар саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне зор мүмкіндік берді. Бүгінгі марапат – сайлау науқанын ұйымдастыруға және оның талапқа сай өтуіне үлес қосқан азаматтардың еңбегіне берілген лайықты баға деп білемін" – деді аудан басшысы.
Жиын барысында сайлау науқанында белсенділік танытқан азаматтарға облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.



