№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ



Жаңақорған кенті, орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Сауда сөрелеріне жеміс-жидек, көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері қойылып, тұрғындарға нарықтағы бағадан шамамен 20 пайызға төмен бағада ұсынылуда.

Жәрмеңкеге ауданның бірқатар елді мекендерінен шаруалар мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда. Бұл тұрғындар үшін қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр. Жәрмеңкеге келген аудан тұрғыны мұндай шаралардың халық үшін тиімді екенін атап өтті.

«Жәрмеңкеде өнімдердің бағасы қолжетімді екен. Әсіресе көкөніс пен жеміс-жидекті отбасыға қажетті мөлшерде алып жатырмыз. Бағаның нарықтағыдан төмен болғаны қуантады. Осындай жәрмеңкелердің жиі ұйымдастырылғаны тұрғындарға жақсы қолдау деп ойлаймын», – деді аудан тұрғыны.

#ЖаңақорғанАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
23 тамыз 2026 ж. 114 0