№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Мәулен Әшімбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Мәулен Әшімбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді


Сенаттың соңғы төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс берді.
Саясаткер бүгінгі күннің ел өміріндегі маңызына тоқталды.

– Еліміз үшін бүгін өте маңызды, тарихи күн. Қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр. Сондықтан бұл сайлауды Президентіміздің кешенді реформаларының дәйекті жалғасы деп қабылдаймыз, – деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Бұл үдерісте азаматтардың белсенділігі маңызды.

– Елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Бәріміз бірге Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда барлық қазақстандықтардың белсенді болғаны өте маңызды. Бүгін сайлауға дауыс бермеген азаматтардың бәрін сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамы, – деді саясаткер.

Фото: Kazinform
23 тамыз 2026 ж. 134 0