Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «КОНСТИТУЦИЯ – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІРГЕТАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

«КОНСТИТУЦИЯ – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІРГЕТАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ


Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, басқарма және департамент басшылары, жастар ұйымдары, азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті.


Форумда жаңа Конституция аясында азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы әріптестікті нығайту және қоғамдық диалог мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

«Халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға кеңінен тарту – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратын әрі қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтатын озық тәжірибе.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деп атап өткен болатын.

Өңіріміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттік бастамаларды іске асыруға белсенді атсалысып, халықтың мүддесін қорғауға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге нақты үлес қосып келеді», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Аймақта мыңға жуық қоғамдық ұйым тіркелген, 2023-2026 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 555 әлеуметтік жоба жүзеге асты. Облыстық, аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 200-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілі бар.

Форумда «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов, «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зейнар Тәжиева, «Ел-Арай» қоғамдық қорының төрағасы Асхат Байдәулетов және «Жас толқын» еріктілер жасағының жетекшісі Әнуар Тоқтамысов баяндама жасап, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Конституцияның жаңа редакциядағы арнайы басылымы табысталды. Өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері облыс әкімінің Алғыс хатымен және арнайы қаржылай сыйақы сертификатымен марапатталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15 шілде 2026 ж. 139 1

Trusheva от 15 шілде 2026 17:01
Войдите в яркие эмоции от побед. Испытайте эмоции от игровых приключений в гейм-зоне веб-казино для настоящих победителей. Мой интерес к Casino был вызван рекламой, и я решил проверить сам. Я даже представить себе не мог, сколько эмоций подарит мне эта платформа. Когда я начал, система регистрации оказалась выше всяких похвал: интуитивно понятно и никаких раздражающих задержек. Когда я впервые увлекся одним из слотов на портале, я почувствовал прилив вдохновения club-casinox.icu . Выигрыш оказался крупнее, чем я мог предположить, и эти эмоции будут преследовать меня ещё долго. Теперь я знаю точно: Casino — это не просто игры, это атмосфера, где каждый шаг приносит удовольствие. На сайте есть не только игровые автоматы, но и множество других возможностей, например, живые дилеры с настоящей атмосферой казино. Casino подарило мне не только азарт, но и вдохновение, которое теперь сопровождает меня каждый раз, когда я захожу на платформу. Здесь я нахожу то, что делает каждый свободный вечер незабываемым. Если и вы хотите начать свой азартный путь, не теряйте времени. Ваш путь победителя начинается прямо здесь https://pokerdom-zst.icu . Найдите удовольствие от игр сайт игр казино сегодня Найдите удовольствие от игр в мире казино когда вам удобно Узнайте о новые эмоции в мире казино в любое время Откройте путь к успеху в мире казино в любое время Узнайте о ясность азарта в мире казино в моменте 851800c