Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ


Бүгін Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан сала мамандары мен ардагерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудан басшысы өз сөзінде су шаруашылығы саласының ел өміріндегі маңызына тоқталып, тұрғындарды, ауыл шаруашылығы мен өндіріс нысандарын сумен қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы сала мамандарының ерен еңбегін ерекше атап өтті.
Мерекелік шара барысында су шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, "ЖаңақорғанСуШар" өндірістік учаске басшысы Әбдімажит Ахметов,
Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серқожа Ыдырысов сөз сөйлеп, су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Су – тіршілік көзі. Ал сол асыл қазынаны ел игілігіне жаратып жүрген су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі әрдайым құрметке лайық. Барша су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге береке тілейміз!
10 шілде 2026 ж. 23 0