Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛ ТҮСТІҢ ҚҰПИЯСЫ

24 маусым 2026 ж. 37

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МЕССИ мен РОНАЛДУ БАҒЫНДЫРМАҒАН РЕКОРД

МЕССИ мен РОНАЛДУ БАҒЫНДЫРМАҒАН РЕКОРД


Әлем чемпионаты тарихында әлі күнге дейін жаңармаған ерекше рекордтардың бірі 1994 жылы АҚШ-та өткен мундиальда тіркелді.

28 маусым күні Сан-Францискода Ресей мен Камерун құрамаcы кездесті. Матч Ресейдің 6:1 есебіндегі ірі жеңісімен аяқталды. Бірақ бұл ойынның тарихта қалуына жеңіс емес, бір футболшының ғажайып өнері себеп болды.

Ресей құрамасының шабуылшысы Олег Саленко сол кездесуде қарсылас қақпасына бес гол соғып, әлем чемпионаттары тарихындағы бір матчта ең көп гол соққан ойыншы атанды. Саленконың пента-тригі футбол әлеміндегі ең биік шыңдардың бірі ретінде бағаланады.

Алайда ойын тағы бір тарихи оқиғамен есте қалды. Камерун аңызы Роже Милла 42 жасында гол соғып, әлем чемпионаты тарихындағы ең егде жастағы гол авторы ретінде рекорд орнатты.

Қызығы, Ресей құрамасы осындай жарқын жеңіске қарамастан, келесі кезеңге өте алмады.

Бір матч. Екі рекорд. Бірі – ең көп гол соққан футболшы, екіншісі – ең жасы үлкен мерген. Сондықтан Ресей мен Камерун арасындағы бұл кездесу әлем чемпионаты тарихындағы ең ерекше ойындардың бірі болып саналады.

1938 жылы поляк шабуылшысы Эрнст Вилимовский Бразилия қақпасына 4 гол соқты. Кейін бұл жетістікті 1954 жылғы әлем чемпионатында венгриялық Шандор Кочиш екі рет қайталап, Батыс Германия мен Оңтүстік Кореяға қарсы матчтарда төрт-төрт голдан енгізді. Ал 1958 жылы француз Жюст Фонтен Германиямен болған ойында покер авторы атанды. Бірақ олардың ешқайсысы Олег Саленконың 5 голдық рекордына жете алмады.


24 маусым 2026 ж. 45 0