№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды


Талантты жастарды танытатын «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау басталды. Байқауға өтініш қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады.


«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi. Бүл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Мақсат Дауылбай хабарлады.– «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы – ғылым мен шығармашылықты ұштастыра білген, қоғамдық қызметте жемісті еңбегімен көзге түскен, спортты жанына серік еткен дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұйымдастырылады. Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді. Бұл ауқымды байқауға 29 жасқа дейінгі халықаралық, республикалық конкурстардың жүлдегелері және қоғамды дамытуға өзіндік үлес қосқан азаматтар үміткер бола алады.
Жеңімпаздарға ҚР Үкіметінің қаулысымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағы беріліп, диплом және төсбелгілермен марапатталады.
Сыр елінің дарынды жастары бұл байқауда жеңімпаз болатынына сенімдімін, – деді Мақсат Дауылбайұлы.Биыл Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсына 30 грант беріледі. Әрбір грантқа 3 млн.теңгеден астам қаржы ұсынылған.2021 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы Айсана Намурадин байқау барысын баяндады.
– Ұстаздық пен қоғамдық салада белсенділік танытып, түрлі байқауларда жетістіктерге жетіп келемін. Ең үлкен жетістігім Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қолынан «Тәуелсізік ұрпақтары» грантының «Медиа» бағыты бойынша марапатталғаным. Бұл грант мемлекет тарапынан еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген белсенді жастарға қолдау деп білемін, – деді Айсана Намурадин.
27 маусым 2022 ж. 377 0