Хабарландыру

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында
- «Әдебиет»,
- «Ғылым»,
- «Дизайн және бейнелеу өнері»,
- «Журналистика»,
- «Классикалық музыка»,
- «Креативті бастамалар»,
- «Спорт»,
- «Театр және кино»,
- «Эстрада»,
- «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.
Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен ҚР 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.
⚜️Конкурсқа қатысуға құжаттар 2023 жылғы 20 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша:
Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылданады. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@gmail.com поштасына жолдауға болады.

Байланыс номерлері:
8(7172) 74-05-25,
8(7172) 74-18-43,
8 701 170 46 54.

Конкурс туралы толық ақпарат Министрліктің ресми сайтынан таныса аласыздар:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/622524?lang=kk
10 қараша 2023 ж. 558 0