№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Деннің саулығы – басты құндылық

Деннің саулығы – басты құндылық



Салуатты өмір салтын ұстану, бұл ең алдымен денсаулықты нығайтумен қатар жастардың ерік-жігерін, спортқа деген серпілісін арттырады. Кез келген адамның өмір салты өздігінен емес, мақсатты түрде қалыптасады. Сондықтан алдыңғы аға буынға емес, өзімнің замандастарыма және ізімізден еріп келе жатқан жасөскінге айтарымыз салауатты өмірді қалыптастыруды дұрыс жолға қойғанымыз жөн.
Бұл тақырыпта оқушылар арасында кеңінен насихатталу керек деп есептейміз. Өйткені, қазір спортпен
шұғылданып, дұрыс тамақ режимін, өмір сүрудің сапалы контентін
қалыптастыру қиынға соғып тұр. Интернет, әлеуметтік желілер жастарды жалқаулықтан бұрын, түрлі жат қылықтарға тәуелді етіп қойды.
Күнделікті саулық режимі бұзылып, телефонға тәуелділік артты. Бұл да үлкен қауіп, әсіресе, мектеп оқушылары үшін өте өзекті тақырып.
Екіншіден, дұрыс тамақтанбау. Қазір аудан орталығында көптеген тамақтану орталықтары ашылды. Әрине, біз қуанамыз, бірақ, кейбір
тағамдарды шектен тыс қолданамыз. Фаст-фуд сынды, денсаулыққа пайдасынан зияны көп тағамдарға тәуелді болып барамыз. Бұл да дұрыс емес, өйткені, ағзаның бұзылуы дұрыс өмір күнделігін бұзады. Үшіншіден, табиғат аясын, таза ауа демалысынан қаланың тұманды
түтініне әуеспіз. Бізге білінбейді, мектеп бітіріп, қызметте жүрген алдыңғы толқынды көп көреміз. Олар жаяу жүріп, ағза айналымын реттеуден гөрі көлікке байланып алған. Бұл оқушылар арасында да дағдыға айналып барады. Төртіншіден, газды сусындар мен алкагольді өнімдер, электронды темекіге тәуелділік басым болып барады. Бұл жасөспірімдер арасында да жиі кездеседі. Оған бақылауды күшейту керек секілді. Жалпы айта берсек мәселе көп. Сондықтан өз өмірімізді, келешегімізді бүгіннен қалыптастырып, қадағалап дағдыға айналдырған дұрыс. Мектепте жүргеннен бастап-ақ салауатты өмір салтын ұстану әлдеқайда оңай, әрі тез бейімделуімізге мүмкіндік береді. Біз осыны ұмытпайық. Өз денсаулығымыз өз қолымызда.

Дильнұр СҰЛТАН БЕК,
№163 мектептің 11-сынып
оқушысы
08 сәуір 2023 ж. 238 0