№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

Бүгінде фастфудты тағам етіп, компьютерді құрал еткен жасөспірімдер мен жастар әлсіз, аурушаң келеді. Неге? Өйткені иммунитеті төмен. Ал адамның иммун жүйесі тұқым қуалайтынын ескерсек, бұл өте күрделі мәселе екенін даусыз. Мамандардың сөзінше, иммунитеттің 50 пайызы құрсақта, қалған бөлігі өмір салтына байланысты қалыптасады. Адамның иммунитетін сақтауға әсер ететін үштік, бұл – сапалы ұйқы, физикалық белсенділік және дұрыс тамақтану. Біз осы тұрғыда аудандық емхананың иммунолог дәрігері Ботакөз Есенкелдіқызымен әңгімелескен едік.



– Бүгінде аурудың түрлері көбейіп кетті. Бұған не себеп? Және мұны болдырмаудың жолдары бар ма?

– Әлбетте, адамзаттың саулығын сақтауда тазалық пен гигиена талаптарын ұстану басты талап. Сосын дұрыс тамақтануды жолға қою керек. Жалпы жеке бас гигиенасын сақтау жұқпалы аурудың ең негізгі профилактикасы. Қол гигиенасын сақтау, қолды жиі сабын сумен жуу немесе антисептикпен өңдеу, түшкіретін немесе жөтелетін адамдардан алыс тұру, басқа адамдармен қарым-қатынас болатын жерде бетперде кию, көзді және мұрынды лас қолмен ұстамау, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды шынтақ буынымен немесе орамалмен жабу сынды қарапайым дағдыны ұстану маңызды. Егер адамның денсаулық жағдайы нашар болса, үйде болғаны дұрыс. Дене қызуы, жөтел пайда болып, тыныс алу қиындағанда медициналық көмекке жүгіну шарт. Науқас адам неғұрлым тез дәрігерге қаралса, соғұрлым толық сауығуға мүмкіндігі мол. Осылайша ол өзін қорғап және вирустар мен басқа инфекциялардың таралуына жол бермейді.
– Адамның иммунитетінің әлсіреуіне қандай факторлар ықпал етуі мүмкін?

– Адам дұрыс тамақтанбайтын болса, ағзасында дәрумендер жетіспеушілігі пайда болады. Демалыс пен физикалық еңбектің үйлесімі бұзылғанда, үнемі депрессия, стресс, ұйқының бұзылуы иммунитетті әлсірете түседі. Алкоголь, есірткі, темекіге тәуелділік сияқты зиянды әдеттер. Кей адамдарда белгілі бір аурумен байланысты иммунитет әлсірейді. Жүре пайда болған иммун тапшылығы аурулары, антибиотиктерді ұзақ қабылдау, ауыр операциялар және ішек инвазиялары, паразиттер де ағзаның қорғаныс қабілетін төмендетеді. Қазіргі заманда адам ағзасын әлсірететін факторлар бұрынғыдан көп. Адамдарда қозғалыс азайды, тамақтану дәстүрі бұзылды.

– Қазақта «Ас адамның арқауы» деген сөз текке айтылмаса керек. Тамақтану иммунитетті нығайтудың басты көзі ғой, солай ма?
– Тамақтану сандық және сапалық жағынан ұтымды болуы керек. Саламатты өмір салтын сақтау, физикалық белсенділік, таңғы жаттығу, жүгіру, жаяу жүру, жүзу, серуендеуге мән берген дұрыс. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден аулақ болған жөн. Иммунитетті арттыру үшін стреске қарсы тұруды үйрену керек. Шамадан тыс күйгелектік пен уайымшылдық та түрлі ауруларға алып келеді.

– Бүгінде жас та, кәрі де телефонға үңілуде. Бұл өз кезегінде иммундық жүйеге әсер ететін болар…
– Дұрыс айтасыз, бір отбасындағы адамдардың бір-біріне жылы сөз айтып, жақсы қарым-қатынаста болғаны абзал. Үлкендер жағы балаларға тұщымды әңгімелер мен ертегі, ғибратты сөздер айтқан болса бұл да телефонға тәуелділікті азайтуға септігін тигізетіндей. Сондай-ақ балаларды спорттық, домбыра, би секілді үйірмелерге берсе уақытын тиімді пайдаланған болар еді.

– Әңгімеңізге рақмет!

P.S. Иә, иммунитетіміздің деңгейі төмен.  Және тез дайындалатын тағамдар мен газдалған сусынды ұлттық сусын қымыз бен шұбатқа айырбастағанда ғана біз иммунитеті мықты, ауруға төтеп беретін ұлтқа айналатынымызды ұқтырды.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
11 желтоқсан 2022 ж. 1 580 0