№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ



Бүгін «Руханият» орталығында облыстық Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт!» тақырыбында кеңейтілген кездесуі өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айгүл Мұсабаева, «Praktikos» Еуразиялық заңгерлер және медиаторлар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша директоры Жанна Мейрамбекқызы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, кәсіпкерлік, құқық қорғау және әлеуметтік сала өкілдері қатысты.

Жиын барысында отбасы құндылықтарын сақтау, ана тәрбиесінің қоғам дамуындағы маңызы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және ұлт тәрбиесіндегі аналардың жауапкершілігі төңірегінде мазмұнды пікір алмасу болды.

Іс-шара соңында тиісті сала мамандарының қатысуымен тұрғындарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардың әлеуметтік, құқықтық және отбасылық мәселелер бойынша қойған сұрақтарына жауаптар беріліп, қажетті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
05 маусым 2026 ж. 238 0