№39 (8953) 26

26 мамыр 2026 ж.

№38 (8952) 23

23 мамыр 2026 ж.

№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕКТЕП БІТІРУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕКТЕП БІТІРУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Жаңарық ауылындағы №167 орта мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітіру салтанатты шарасы өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Мажит Самитұлы қатысып, мектеп ұжымын, бітіруші түлектерді және ата-аналарды 2025–2026 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы жас түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмірлерінде биік белестерді бағындыруларына сенім білдірді.
Шара барысында оқу жылы бойы білім мен тәрбие саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген ұстаздар мен озат оқушылар облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды.Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен жас түлектер өнерлерін ортаға салып, әсерлі әндер шырқап, би қойылымдарын ұсынды.
Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданда 1234 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 1144 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірсе, 119 оқушы «Алтын белгіге», ал 173 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.
Жаңақорған аудандық білім бөлімі барша түлектерге сәттілік тілей отырып, алдағы өмір жолында үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді.
Ақниет ӘБЕН
25 мамыр 2026 ж. 263 0