» » «KITAP FEST: ЖАРҚЫН РУХ ЖЕМІСІ»

«KITAP FEST: ЖАРҚЫН РУХ ЖЕМІСІ»



Мемлекет басшысының бастамасымен 23 сәуір «Ұлттық кітап және кітапханашылар күні» деп белгіленді. Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі берік, болашағы нық. Ел руханиятын биікке самғатқан «Kitap Fest: Жарқын рух жемісі» атты кітап фестивалі кітапсүйер қауымның салтанатты мерекесіне айналды.
Жаңақорған аудандық А.Сопыбеков атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен өткен кітап мерекесіне ауданымыздағы қаламгерлер, кітапхана оқырмандары, аудан мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары, кітапханашылар қатысты. Фестивальдің шымылдығын ашқан аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлы құттықтау сөзін төмендегіше жеткізді.
– Кітап – білімнің кені, рухтың шамшырағы. Ұлттық кітап күні – кітап арқылы білім мен тәрбиені күшейтетін, оқырманға жаңа әсер сыйлайтын мереке. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев ұсынған «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталады. Рухани қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, оқырманға жол көрсетіп, мәдени-көпшілік шараларды жандандырып отырған кітапханашы қауымның қызметі құрметке лайық, – дей келе үздік кітапханашылар мен кітапханамен байланысын
үзбейтін белсенді оқырмандарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Солардың қатарында Қыраш ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлжаһан Бейсенова ҚР мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Кеш қонақтары – ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Файзулла Сахи-
ев, ардагер-журналист, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Ерубай Қалдыбек, зейнеткер ұстаз, белсенді
оқырман Аллаберген Ахметов, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Баян Үсейінова, кітапхананың белсен-
ді оқырмандары Зөре Адасханова, Шерхан Әшімовтердің жүрекжарды лебіздері тыңдалды.
Кітап оқу белсенділігін арттыру, оқырманды қолдау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту, жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын және оқу мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен фестивальде сирек кездесетін кітаптар мен ең көп оқылатын шығармалар жайында көрме жасақталған. Сондай-ақ, жергілікті қаламгерлердің туындылары көрменің негізгі тақырыбын ашып тұрғандай.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы
жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап фестивалінде жас дарындар ән мен жырдан шашу шашты. Раяна Балтабайдың орындауындағы ән тыңдар-
ман жүрегіне жетті. Сондай-ақ No286 мектептің оқушылары өлеңдер оқып, кітап жайлы сахналық көрініс қойып,
көпшіліктің қошеметіне бөленді. Келесі кезекте аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жадыра Шертекова сөз алып, кітапханашыларды құттықтады. Ауданның руханият саласына тер төгіп келе жатқан бірқатар кітап жанашырла- рын марапаттады. Солардың қатарында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Жанат Төлешова, аудандық кітапхананың кітапханашысы Замира Садықова, Қожакент ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алмагүл Рустемова, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Айнұр Шарап, Құттықожа ауылдық кітапханасының кітапханашысы Анар Бейсембиева, Еңбек ауылдық кітапхананың кітапханашысы Данагүл Айдарова, Байкенже ауылы кітапханасының кітапханашысы Назгүл Абдумашиковалар бар. Сондай-ақ кітапханамен тығыз байланыста қызмет етіп жүрген бірқатар әдебиетшілер марапат мінберінен көрінді.
Айтулы мереке қарсаңында облыс төрінде Сәрсенкүл Мұстапаева Қазақстандық
Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісіне, Нурила Куламетова Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатына» Раушан Уәлішерова Қызылорда облысы әкімі орынбасарының «Алғыс хатына», Нысанкул Шалапова мен Сағатқызы Әсем
облыстық мәдениет басқармасы басшысының «Алғыс хатына» ие болды.
Айта кетейік, айтулы күнге орай Жаңақорған аудандық Адырбек Сопыбеков атындағы кітапханада кітап оқуды насихаттау және рухани мәдениетті арттыру мақсатында ауқымды мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тарқатып айтсақ, «Кітаппен кемел келешекке» атты кітап кейіпкерлерінің шеруі, «Кітап – рухани байлық көзі» тақырыптық
кеші, ақын Файзулла Сахиевпен «Ақын – елдің ардағы» атты сыр-сұхбат, «Weekend – кітаппен керемет» жобасы аясында фильм көрсету, «Кітап саған келеді!» атты көшпелі кітапхана, «Кітап – даналық кілті» кітап жәрмеңкесі, сондай-ақ «Кофе – брейк», «Кітап – алтын қазына» атты кітап көрмесі, әдеби кештер, оқырмандармен кездесулер өткізілді.
Бұл туралы Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың әдіскері Ғалия Машрапова тарқатты:
– Ұлттық кітап күні – тек мерекелік дата ғана емес, бұл – қоғамның рухани деңгейін айқындайтын маңызды кезең. Кітапқа деген құрмет – білімге, мәдениетке, тарихқа деген құрмет. Осы орайда, әрбір ата-ана баласына кітап оқуды
үйретіп, отбасында оқу дәстүрін қалыптастыруы керек. Қазіргі ақпараттық технология дамыған заманда кітаптың орны ерекше. Электронды ресурстар қаншалықты қолжетімді болғанымен кітаптың берер әсері
мен тәрбиелік мәні өзгеше. Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытып қана қоймай, оның рухани дамуына жол ашады, –деді ол.
Жаңақорған аудандық кітапханасы әрдайым оқырманға сапалы қызмет көрсетіп, жаңа әдебиеттермен толықтырылып келеді. Кітапхана – тек кітап алатын орын ғана емес, ол – білім мен мәдениеттің ордасы, рухани даму орталығы.Жаңақорған аудандық Адырбек Сопыбеков
атындағы кітапхана алдағы уақытта да оқырманға сапалы қызмет көрсетіп, жаңа жобаларды
жүзеге асыру арқылы кітап мәдениетін дамыту жолындағы жұмыстарын жалғастыра  бермек. Бұл игі бастамалар өңір тұрғындарының рухани дамуына оң ықпал етіп, жас ұрпақтың саналы, білімді болып қалыптасуына негіз болады.

ТҮЙІН. Кітап – асып-таспайтын асыл дос. Себебі кітаппен дос болған адамның ой- өрісі кең, ішкі мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ғылымды танытқан, кітапқа құрметті арттыру маңызды. Әр ұлттың, елдің келешегі мен
болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен кітаптың құндылығы мәңгілік екені даусыз.

Мақпал Пәтенова

27 сәуір 2026 ж. 35 0