№20 (8934) 17

17 наурыз 2026 ж.

№19 (8933) 14

14 наурыз 2026 ж.

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 24-наурыз туберкулезге қарсы күрес күні

24-наурыз туберкулезге қарсы күрес күні



2026 жылғы 24 ақпаннан 24 наурызға дейін туберкулезге қарсы күрес айлығы жүріп жатыр, «Туберкулезді тоқтату» жаһандық серіктестігі 2026 жылы Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні Туберкулезбен күрес айлығының 2026 жылғы ұраны: Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен!
Аталған айлық науқанын өткізудің мақсаты:
туберкулездің иммунопрофилактикасы бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерінің ерте диагностикалау бойынша сақтығын арттыру, профилактикалық іс-шараларды және туберкулездің алғашқы белгілері туралы халықты ақпараттандыру, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығын, емдеудің тиімділігін насихаттау.
Туберкулез – бұл туберкулез бактериясы ағзаға енген кезде дамитын жұқпалы ауру, онда негізінен өкпе, сирек - ми мен оның қабықтары, бүйрек, омыртқа, лимфа түйіндері, буындар, жыныс мүшелері және т. б. зақымданады.
Инфекцияны жұқтыру көзі - науқас адам. Егер науқас жөтелсе, түшкірсе, туберкулез қоздырғышы ауаға енеді. Қоршаған адамдар жұқтырған ауамен тыныс алғанда бактериялар жоғарғы тыныс жолдарына, өкпеге енеді. Осылайша туберкулез инфекциясы пайда болады. Туберкулез бактериялары кез келген мүшеде көбейе алады,
Туберкулездің профилактикасы спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді:
Спецификалық түрі: Вакцинациялау (БЦЖ вакцинациялау) нәресте алғаш туылған 1-4 күн перзентханада жүргізіледі.
Спецификалық емес түрі: СӨС, ұтымды тамақтану, физикалық белсенділік,
жаман әдеттерден бас тарту.
Туберкулездің дамуына дұрыс тамақтанбау, уытты өнімдерді (темекі, алкоголь, есірткі) тұтыну, еңбек пен тұрмыстың қанағаттанғысыз жағдайлары, кейбір созылмалы аурулар (қант диабеті, қан аурулары, АИТВ) ықпал етеді.
Көбіне туберкулез өкпені зақымдайтындықтан өкпе туберкулезі деп аталады. Сонымен қатар, ағзаның басқа да бөліктерін: ми, сүйек, бүйрек, көз, лимфа бездерін зақымдайды. Ауру белгілері білінбей дамуы да мүмкін, бірақ туберкулезге тән белгілер білінген жағдайда: салмақ жоғалту, тершеңдік, жалпы әлсіздік және тез шаршау, 2-аптадан аса жөтел, тәбеттің төмендеуі, кеуде тұсының ауыруы, дене қызуының көтерілуі, қан түкіру пайда болған кезде дәрігерге жедел қаралу керек.
Туберкулездің алдын-алудың негізгі шаралары: жыл сайын 1 жастан 15 жасқа дейінгі «тәуекел» тобындағы балаларға Манту сынамасын жасау, 15 жастан бастап барлық ересек адамдар тұрақты мекен-жайы, оқу және жұмыс орны бойынша флюорографиялық тексеруден өту.
Туберкулезді емдеуге болады және бұл бағыттағы жұмыс үнемі жүргізіліп отырады, Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін өткізудің мақсаты, ең алдымен, әлем халқының осы аурудың жаһандық індеті туралы және оны жою жөніндегі күш-жігер, оның алдын алу және оған қарсы күрес әдістері туралы хабардарлығын арттыру болып табылады.

Жаңақорған аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау басқармасының
басшысы Ш.Айдарова
19 наурыз 2026 ж. 117 0